Парламент алдағы үш жылға арналған бюджет туралы құжатты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Татьяна Яковлева ҚР Парламентінің Сенаты аталмыш құжатқа 39 түзету енгізгенін атап өтті. Түзетулер заң жобасының мәтініне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға (3 түзету) және республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізілген өзгерістерге (36 түзету) байланысты.

«Сенат енгізген түзетулер 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады», - деді Т. Яковлева.

Мәжіліс депутататтары аталған толықтыраларды қолдады.

Еске салда кетейік, өткен аптада Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылады. Құжатқа толықтырулар енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Үш жылдық кезеңге 20 млрд теңгеге ұсыныстар қолдау тапты, оның ішінде 2021 жылға - 15 млрд теңге.


Соңғы жаңалықтар