Парламент 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы заңды қабылдады

None
None
анның 30-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңы қабылданды. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң бойынша енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің нақтылануымен байланысты болып отыр. Сондай-ақ құжатта ағымдағы республикалық бюджет шығыстарының болжамды орындалуы бағаланып, қаржылар қайта нақтыланды. Бұл ретте 2009 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ел экономикасының даму қорытындылары мен әлемдік тауар нарықтарындағы соңғы үрдістердің негізінде ағымдағы жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы қайта нақтыланады. «Құжаттағы әлемдік тауар нарықтарындағы соңғы үрдістердің және 2009 жылғы 9 айдағы ел экономикасы дамуының қорытындылары негізінде ағымдағы жылдың макроэкономикалық көрсеткіштері түзетілді. Мәселен, мұнайға әлемдік баға бір баррелі үшін 40 доллардан 58 долларға дейін көбейтілді. Нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі 0,1 пайыз деңгейінде болжануда. Ал инфляция жылдың аяғына дейін 8-8,5 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бұл бұрынғы болжамнан 2,5-3,0 пайыз тармаққа төмен», деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

 Осындай көрсеткіш нәтижесінде жалпы ағымдағы республикалық нақтыланған бюджеттің түсімдері 2 трлн. 79,7 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл қолданыстағы бюджетке қарағанда 40 млрд. теңгеге аз көрсеткіш. Ал шығыстар мөлшері 3 трл. 371,3 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте бюджет тапшылығы 573,6 млрд. теңге шамасында көрсетіліп, оның абсолютті мөлшері өзгеріссіз қалады, ал жалпы ішкі өнімге қатысты мөлшері 3,5 пайызды құрайды.

 Сонымен бірге, ағымдағы жылы бюджет қаражатының жете игерілмей қалуын талдау барысында жалпы сомасы 138,6 млрд. теңге шығыстар қысқартылған. Бұның бірқатары сол бюджетте ішінара қайта бөлініске түсті. Атап айтқанда, бірқатар шұғыл шараларды шешуге жалпы сомасы 98,9 млрд. теңге шығыстарды ұлғайту қамтылады. Оның ішінде зейнетақы төлемдеріне - 8,7 млрд. теңге, білім беру мен денсаулық сақтаудың ауыспалы нысандарын қаржыландыруға - 9,3 млрд. теңге, Астана қаласының проблемалық мәселелерін шешуге - 15,4 млрд. теңге, Қысқы  Азиада ойындарын өткізуге байланысты энергетикалық нысандар салуға - 8,4 млрд. теңге және басқа да шығыстар қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар