Париждің орталығында атыс болды, құрбан болғандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президенті мен премьер-министрі Парижде болған атыс бойынша жедел мәжіліс өткізуде, деп хабарлайды ТАСС.

Францияның премьер-министрі Бернар Казнев Париждің орталығындағы Елисей алаңында полиция қызметкерінің өлтірілуіне байланысты республика президенті Франсуа Олланмен кеңесу үшін жедел түрде Елисей сарайына келді. Бұл туралы бейсенбі күні үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап AFP хабарлаған.

Франция астанасының орталығында болған оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-00-де басталған. Белгісіз біреулермен болған атыс барысында бір полиция қызметкері мерт болған, тағы екеуі жарақат алды, олардың бірінің жағдай қазір өте мүшкіл.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, оқ атқан адам оқиға орнында өлтірілген, алайда полиция қызметкерлері оның сыбайласы болуы мүмкіндігін де жоққа шығармай отыр. Ол оқиға болған жердегі көлік тұрақтарының бірінде бой тасалап жүруі мүмкін.

Елисей алаңы - республика президентінің жұмыс резиденциясы - Елисей сарайына жақын маңда, қаланың батыс бөлігінде орналасқан, Париждің ірі даңғылдарының бірі.

Қазіргі таңда авеню толығымен қоршаға алынған. Дүкендер мен мейрамханалардың барлығы жабылды. Метро станциялары бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар