Париждегі жарылыс: Үйінділер арасынан тағы бір адамның денесі табылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Парижде бір туәлікке жалғасқан іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жарыстан қаза болған төртінші адамның денесі табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі хабарлады.

Газдың жарылуынан қираған наубайхана үйінділерінің астынан бүгін әйел адамның мәйіті табылды. Ол бір қабат жоғарыда тұрған деген болжам бар.

Бұған дейін екі өрт сөндіруші мен Испания елінің азаматшасы мерт болғаны хабарланған еді. Тағы 50 адам зардап шекті, оның онының жарақаттары ауыр.

Еске салайық, сенбі, 12 қаңтар күні Париждің 9-ыншы округінде бірінші қабатта орналасқан наубайханада жарылыс болды. Жарылыс толқынымен жақын маңдағы үйлердің терезелері сынып, көліктер зақымданды.

Полиция қызметі қайғылы оқиғаның барлық нұсқаларын қарастыруда.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар