Париждегі жарылыс: қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын-ала болжам бойынша жарылыс табиғи газдан туындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 12 қаңтарда Париждің тоғызыншы аумағында қатты жарылыс болды. Француз полициясының айтуынша, жарақат алғандар бар көп - кем дегенде 20 адам жарақаттанды, олардың жартысы ауыр жағдайда. Жарылыс жергілікті наубайханада болды. Алдын ала болжам бойынша, табиғи газ жарылған. Біздің Франциядағы дипломаттар зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында,

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс қаланың тоғызыншы аумағында болған. Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.

Соңғы жаңалықтар