Париждегі жарылыс: 4 адам қаза тауып, 30-ы жарақаттанған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласының орталығында газдың жарылуынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 12 қаңтарда Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанер мәлімдеді, деп хабарлады The Independent.

Кристоф Кастанердің айтуынша, көз жұмғандардың екеуі - өрт сөндіру қызметінің жұмысшылары. Құтқарушылардың дерегіне қарағанда, оқыс оқиға салдарынан 30 адам жарақат алған, олардың 12-сі ауыр жағдайда.

Жергілікті полицияның мәліметінше, келеңсіз жағдай сенбі күні таңертең қаланың тоғызыншы ауданындағы Тревиз көшесінде болған.

Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.

Соңғы жаңалықтар