Париждегі Нотр-Да́м шіркеуіндегі алапат өрт сөндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Париждегі Нотр-Да́м шіркеуінде шыққан алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген».

Еске сала кетейік, Нотр-Дам де Пари соборында 15 сәуір күні жергілікті уақытпен 18:50-де өрт шыққан болатын.

Алдын ала деректерге қарағанда, өрт шіркеудің үстіңгі бөлігіндегі жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар