Париждегі Қытай мұражайынан 15 өнер туындысы ұрланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждегі Фонтенбло қорғанындағы Қытай мұражайынан белгісіз біреулер 15 өнер туындысын ұрлады, деп хабарлайды Росбалт.

Францияның Мәдениет министрі ұрлық жексенбі, 1 наурыз күні таңертең жасалғанын мәлімдеді. Ұрылардың ғимаратта жеті минуттай болғаны хабарланды.

Мұражай өкілдері ұрланған өнер туындыларының бағасын айта алмады, өйткені олардың айтуынша, жоғалған заттар баға жетпес құнды болып табылады. Полиция болған оқиғаны тергеуге кірісіп кетті. Күдіктілер туралы және ұрланған заттардың нақты суреттелуі туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар