+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр

2019 жылғы 28 қараша 16:06
Бөлісіңіз:
Париждегі «Қорқыт ата» мәдени орталығы қандастарға қазақ тілін оқытып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда тұратын Айгерім Ерсаинова атты отандасымыз Париждегі Қорқыт ата атындағы қазақ мәдени орталығының жұмысы туралы баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда Қытайдан келген қандастар тұрып жатқан үйлер жөндеуге мұқтаж - әкімдік Қандастарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ Нью-Йоркте мейрамхана ашқан қазақ қызы: Головкин мен Димаштың жанкүйерлері бізден тамақтанады

«Мен Францияда Қорқыт ата атындағы қазақ мәдени орталығын басқарамын. Біздің орталық балаларға қазақ тілі мен қазақ өнерін үйретіп, қазақ биі, халықаралық аспаптар, фортепиано, қолөнер және тоғызқұмалақ үйірмелерін ұсынады. Оған қоса біз жылына 12 мереке өткіземіз. Қазақстаннан келген ансамбльдерге гастрольдер ұйымдастырып береміз. Мәселен, жақында ғана Астана мюзикл театрының, Әуезов театрының гастроліне көмек көрсеттік. «Отандастар» қоры ұйымдастырып жатқан «Қастерлі қалам» жобасы аясында Францияда да қазақ сыныбы ашылып жатыр. Ана тілін ұмытып бара жатқан жастарға қазақ тілі пәнін оқытудамыз», - деді елордада өткен «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелінде онлайн режімде отандастарында жолдаған сәлемінде.

Айгерім Ерсаинова өз сөзінде «Қастерлі қалам» жобасының жолға қойылғанына алғысын білдірді.

«Осының арқасында көптеген мәселелерді шешіп жатырмыз. Мәселен, Наурыз мерекесін өткізген кезде «Отандастар« қоры костюммен, мереке өткізуге қажетті керек-жарақтармен көмектескен еді. Мерейтойымыз алғашқы кезден бастап-ақ керемет деңгейде өтіп жатыр. Бәріңізге сәттілік тілеймін», - деді Айгерім Ерсаинова.

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұған дейін шетелдегі қандастардың өз тілін ұмытпай, оқуына мүмкіндік жасау үшін «Қастерлі қалам» жобасы жолға қойылғанын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT