Париждегі атақты «өнер» көпірі махаббат құлыптарын көтере алмай құлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көпір жағалауындағы темір конструкция туристер ілген «махаббат құлыптарын» көтере алмай құлады, деп хабарлайды Daily Mail.

Абырой болғанда, темір жақтау өзенге емес, ішке қарай құлаған. Соның арқасында серуендеп жүрген туристердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Егер, өзенге құласа, қайықтағы демалушылар зардап шегетін еді», - деді жергілікті полиция қызметкері.

Париждегі «өнер» көпірі туристер арасында өте танымал көрнекті орын болып табылады. Күніне жүздеген ғашықтар сезімінің символы ретінде көпір жақтауына құлып салып, кілтін өзенге лақтырады.

Аталған нысан 1804 жылы салынған. Екі дүниежүзілік соғысты басынан кешірген көне көпір 1980 жылы қайта жөндеуден өткен.

Қазір ілінген құлыптардың ауырлығы мәдени нысанның келбетіне нұқсан келтіруде.

Осы оқиғадан кейін қоғамда Еуропаның өзге де қалаларындағы ескерткіш нысандарын құртатын нәрселерге тыйым салу туралы мәселе көтерілді.

Париж мэрі Анна Идальго мұндай вандализм тағы бір қайталанса, шұғыл шаралар қолданылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар