Париждегі алты лицейде жарылыс қаупі салдарынан адамдар эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция астанасының орталығындағы алты беделді лицейдің оқушылары белгісіз біреулердің білім мекемелерінің ғимараттарына салынған бомбалар туралы телефон хабарламаларынан кейін қауіпсіз жерге шығарыла бастады.

Бұл туралы жергілікті полиция мен лицейлердің басшылығына сілтемемен Agence France Presse хабарлады. Аноним қоңыраулар Шарлемань лицейі, Фенелона лицейі, Монтень лицейі, Кондорсе лицейі, Генрих IV лицейі және Ұлы Людовик лицейіне шалынған, деп жазады ТАСС.

Полицияның мәлімдемесі бойынша, барлық білім мекемелеріне салынған жарылғыш құралдар туралы хабарлама сейсенбі күні таңертең келіп түсті. Қазіргі кезде тек бір күдікті зат табылды, деп атап өтті полицияда.

Соңғы жаңалықтар