Парижде Ұлы даланың мәдени мұрасына арналған форум өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Халықаралық Түркі академиясы Парижде ЮНЕСКО -мен бірлесіп «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі» форумын өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылдың 15 мамыр күні ЮНЕСКО - ның Париждегі штаб-пәтерінде Халықаралық Түркі академиясы Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырған «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі(Great Steppe: Cultural Heritage and Role in the World History)» атты халықаралық форум өтеді.

Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылау және Ұлы дала тарихын жаңадан пайымдау жолдары қаралмақ.

Форумға қатысатын ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері «Ұлы дала: Дәуірлер мен кеңістік көкжиектері», «Түркі өркениеті және оның әлем мәдениетіне қосқан үлесі», «Түркі тарихын қайта зерделеу: Жаңа қадамдар мен перспективалары» атты үш сессияда өзекті мәселелерді талқылап, пікірлер алмасады.

Биылғы жиын түркі тілдес елдердің тарихында айрықша орны бар Алтын орда мен Моғолстанның құрылуына ықпал еткен Талас құрылтайының 750 жылдығы, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының жазылуының 950 жылдығы, ақын Имадеддин Насимидің 650 жылдығы секілді айтулы тарихи даталармен тұспа-тұс келіп отыр.

null

Соңғы жаңалықтар