Парижде Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өтеді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде әншінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 1 қаңтарында аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова 100 жасқа толады. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Қазақстанның халық батыры, Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында жауынгерлерге концерт қойған. Ол біздің елімізде және шетелде әнсүйер қауым арасында әлі де танымал. Оның есімін мәңгі есте сақтау үшін іс-шаралар қабылдауды тапсырамын», - деп тапсырма берген еді Мемлекет басшысы.

Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар әзірленген. Онда концерттер, көрмелер, фильмдер көрсетілімі секілді 2022 жылға жоспарланған 41 іс-шара бар.

«Күні кеше ғана Мәскеуде фотокөрме ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті. Қазан айында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде әншінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтеді», - дейді министрліктен.



Соңғы жаңалықтар