Парижде Нотр-Дам шіркеуі өртеніп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Париж қаласындағы Нотр-Дам соборы отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Оқыс оқиғаға куә болғандардың Twitter парақшасына жарияланған фотолары мен видеоларында шіркеудегі өрттің ауқымын байқауға болады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүріп жатыр. Француз астанасының басты символдарының бірі саналатын Париж орталығындағы католиктік шіркеудің аумағын жауапты қызметтер қоршауға алған.

Авторы: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар