+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Парижде Лион вокзалы маңындағы өрт пойыздар қозғалысына кедергі келтірді

2020 жылғы 29 ақпан 11:15
Бөлісіңіз:
Парижде Лион вокзалы маңындағы өрт пойыздар қозғалысына кедергі келтірді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Берси бульварында орналасқан Лион вокзалы маңында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жиһаз жасайтын цех ашып алған тұрғын үйден өрт шықты Қытайда орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды Рудный полицейлері мүгедек әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты

Өрт түстен кейін Берси бульварындағы вокзалға жақын жерде шыққан. Осы аудандағы Accor Hotel Arena кешенінде концерті өтуі тиіс болған конголық әнші Фалли Ипупаға демонстранттар қарсы шыққан. Полиция наразы топты тоқтатуға тырысқан кезде олар қоқыс контейнерлері мен тұрақта тұрған көліктерді өртей бастаған.

Наразылық білдірушілер Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті Жозеф Кабиланы және оның мұрагері Феликс Чисекедиді қолдаған Фалли Ипупа Францияда өнер көрсетпеуі тиіс деп санайды.

Бұған дейін француз астанасының билігі тәртіпсіздіктерден қорқып, ереуіл өткізуге тыйым салған болатын.

Гар-де-Лион және Берси метро стансаларының жұмысы тоқтатылды. Ел астанасындағы жер асты пойыздары мен қала маңындағы электр пойыздар жүруде. Өрт сөндірушілер жалынды жұма күні кешке өрт сөндірді.

Париждік префектура мен Франция ІІМ басшысы шеруге шыққандардың әрекетін айыптады. 37-ден астам адам ұсталып, 50-ге жуығына айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT