Парижде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияға ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Парижде салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсім алдында Мемлекет басшысы Франция Республикасының туына ілтипат көрсетті. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Содан кейін Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының ісі жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен бірге сап түзеп тұрған Құрмет қарауылы ротасының алдынан жүріп өтті.

Еске салайық, ҚР Президенті ресми сапармен Францияға барған болатын.

Мемлекет басшысын Франция Президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.


Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар