Парижде Франция ашық чемпионатының жеребесі тартылды

Фото: Фото: Қозоғистон теннис федерацияси
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 2023 жылғы Ролан Гаррос турнирінің (Франция ашық чемпионаты) жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды.

Әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де Е.Рыбакина сияқты, қарсыласы кейін анықталады.

Негізгі турнирге шығуға әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол ертең іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 165-сатыдағы бразилиялық Фелипе Мелигени Родригес Алвеспен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рабат турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

Ролан Гаррос турнирінде Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар