Парижде белгісіз біреу адамдарға пышақ ала жүгірді: 4 адам жарақат алды

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Парижде Charlie Hebdo кеңсесінің жанындағы шабуылдан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Францияның Charlie Hebdo сатиралық газетінің бұрынғы кеңсесінің жанында болған. Белгісіз біреу пышақпен адамдарға шабуыл жасаған. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Париж полициясы.

Полиция ұсынған алғашқы нұсқаға сәйкес, күдікті екеу болған. Бірақ қазір тәртіп сақшылары бұл Париждің шығысындағы Бастилия алаңының жанынан ұсталған бір ғана адам деп санайды.

BFM TV хабарлағандай, зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.

Шабуылға не себеп болғаны және оның 2015 жылы шабуылдан кейін басқа кеңсеге көшкен Charlie Hebdo газетімен байланысы бар-жоғы әлі белгісіз.


Соңғы жаңалықтар