Парижде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан 150 жылдық мерейтойы ұйымның штаб пәтері орналасқан Париж қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ресми сайты мәлім етті.

«Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» деген тақырыппен өткен халықаралық конференцияда Қазақстаннан арнайы барған алаштанушылар мен қоғам қайраткерлері, Түркия және Әзербайжан ғалымдары, Германияның Мюнхен қаласынан барған Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Абдулқаюм Кесижи баяндама жасады.

Сондай-ақ, ЮНЕСКО ұйымы бас директорының орынбасары Син Цюй де конференцияда сөз алып, құттықтау жолдады.

Шара аясында Ахмет Батұрсынұлының өмірі мен қызметін сипаттайтын көрме ұйымдастырылып, «Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы» атты бейнеролик көрсетілген.

Шараның соңында қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде жазылған «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» атты кітаптың тұсаукесері болды.



Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар