Парижде 150 миллион жыл бұрынғы динозавр қаңқасы сатылымға қойылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оның құны 400-ден 500 мың еуроға дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Парижде 150 миллион жыл бұрынғы динозавр қаңқасы аукционға қойылды.

Ұзындығы 3 метрден асатын, биіктігі шамамен 130 см камптозавр «Зефир» 2019 жылы Колорадо штатынан табылған.

Шілде айында ежелгі динозаврдың сирек кездесетін қаңқасы АҚШ-та 6 миллион доллардан астам сомаға сатылды. Өткен жылы америкалық коллекционер әйгілі трицератоптардың ішіндегі ең үлкені «Үлкен Джонды» 6,6 миллион еуроға сатып алған.



Фото: Francois Mori/Copyright 2022 The Associated Press



Соңғы жаңалықтар