Париж тұрғындары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 23-25 қыркүйекте Париж қаласында Франциядағы Қазақстан Елшілігінде «Эйр Астана» әуе компаниясының қолдауымен қазақ диаспорасы мен «JAAK» жастар қауымдастығының (Қазақстан Достарының Жастар Альянсы) өкілдері «Халықаралық гастрономия ауылы» мерекесіне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.


Мерекедегі еліміздің шатыры киіз үй элементтерін пайдалана отырып, ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кәде сыйлар, музыкалық аспаптар, туристік буклеттер, кітаптар және фотоальбомдар, қазақстандық музейлердің көркемөнер картиналары арқылы безендірілді. 

 

Мереке қонақтары ұлттық тағамнан дәм татып, қазақ дастарханындағы әралуандылықты атап өтті.

Қазақстандық дипломаттар шараға қатысушыларға Қазақстанның 25 жылда жеткізген жетістіктері, елдің мәдени сан түрлілігі, сонымен қатар алдағы уақытта болатын  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жайында баяндады.

 

Студенттер арасындағы қазақ жастарының өкілдері мен диаспора өкілдері қазақтың ұлттық биін биледі. 

 
 

Соңғы жаңалықтар