Париж билігі Эйфель мұнарасын терактілерден қорғаудың жолын тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж билігі Эйфель мұнарасын терактілерден қорғау үшін әйнек қабырғамен қоршап шығуға шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Париж мэрінің көмекшісі Жан-Франсуа Мартенстің мәлімдеуінше, әйнектен соғылатын қабырғалардың биіктігі екі жарым метр болады. Олар жылдың соңына дейін мұнараның оңтүстік және солтүстік жағынан бой көтереді.

Монументтің батысы мен шығысына бұрын уақытша орнатылған металл шарбақ алынып, орнына биіктігі 3,24 метр келетін тұрақты металл шарбақ соғылады.

Осы жұмыстарға 35 миллион еуро қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Мартенстің сөзіне қарағанда, Парижде террористік қауіп әлі де жоғары. Эйфель мұнарасы басты нысаналардың біріне айналуы мүмкін. Ал мөлдір қабырғалар мұнараның туристер арасында танымал ғимарат болып қала беруіне септігін тигізеді.

Болжамдарға сәйкес, 2018 жылдың өзінде Париж символын тамашалауға жеті миллионнан астам турист келеді.

Соңғы жаңалықтар