ПАРИЖ-2024: Қазақстан ҰОК алғашқы іскерлік кездесуін өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 ақпанда Францияның Париж қаласында орналасқан Париж-2024 Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Олимпия ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстангемен және өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында келесі жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстанның қатысуы талқыланды. Сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстары, оның ішінде қатысушыларды орналастыру және оларға арналған көлік, сондай-ақ спортшылардың жаттығу жиындары сөз болды.

Тони Эстанге Қазақстан ҰОК-тің Ұйымдастыру комитетімен бірлесе әрекет етуін жоғары бағалап, серіктестігіне алғыс айтты. Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Париждегі Олимпиада ойындары ең ерекше ойындардың бірі болатынын айтты. Сондай-ақ ол Токио мен Бейжіңдегі Олимпиада кезінде бәріміз тап болған қиындықтарға қарамастан, Париж-2024-те бізді түрлі жаңалық күтіп тұрғанын мәлімдеп, Ұйымдастыру комитеті ұжымына алғыс білдірді. Париж-2024 Директорлар кеңесінің құрамында ҰОК мүшелері Ги Дрю мен Жан Кристоф Роллан, Париж қаласының мэрі Анна Идальго, президент Бриджит Энрикес пен Франция ҰОК хатшысы Дидье Семине, сондай-ақ басқа да үкімет органдары мен спорттық ұйымдардың өкілдері бар.

Фото: Julien Mattia/NurPhoto/Getty Images


Соңғы жаңалықтар