+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Пархач көлінде өлі балықтардың табылуына байланысты тексеру басталды

2020 жылғы 12 тамыз 20:19
Бөлісіңіз:
Пархач көлінде өлі балықтардың табылуына байланысты тексеру басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Пархач көлінде өлі балықтардың табылуына байланысты тексеру басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігінің telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жерге министрліктен қалалық экология департаменті, «Қазгидромет» және Алматы қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері келді. Көлде су сынамалары алынады, мамандар балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтайды.

Экология министрлігі кезекті рет азаматтарды демалыс аймақтарында тазалық және тәртіп сақтауға, өздерінің соңдарынан қоқысты жинап жүруге шақырады. Заңбұзушылықтар болған жағдайда кінәлілер жазаланады. Жақын арада азаматтардың қоршаған ортаға келтірген зияны үшін жауапкершілік күшейтіледі.
Еске салсақ, алматылықтар Алматының Түрксіб ауданындағы Пархач көлінің ластануына шағымданған. Қала тұрғындары жағалаудағы қалдықтар мен қоқыстардың, сондай-ақ өлі балықтардың бейнетүсірілімін жасаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT