Параспортшы Зүлфия Ғабидуллина мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, жүзуден ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 14 дүркін әлем рекордын жаңартушы, ел тарихында тұңғыш рет Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанған Зүлфия Ғабидуллина мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуді Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары, естуінде ақауы бар «Мейірім» мектеп-интернатының және «Болашақ» мектеп-интернатының балалары қатысты.

Іс-шара барысында жоба жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина өзінің жетістікке жету жолындағы өмір тарихы, өмірлік ұстанымдары туралы ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, биыл «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бастау алып, жоба аясында 30 ерекше баланы қамту көзделіп отыр. Жобаның мақсаты – балаларға өңіріміздің киелі жерлері туралы мағлұмат беру, жас ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен қазақстандық патриотизм сезімін арттыру, тарихи және мәдени ескерткіштерді, киелі жерлерді танымал ету.

Кездесу барысында шағын концерттік бағдарлама өткізіліп, шара соңында «Біз біргеміз» еріктілер қоғамының қолдауымен «Астана cinema» кинотеатрында мультипликациялық фильмдерді тамашалап, тәтті бәліштер мен сусындардан дәм татты.



Соңғы жаңалықтар