Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатынан үшінші медалін жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген болатын.

Айта кетсек, парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде.

Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.



Фото: РМҚК «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау отралығы» баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар