«Парасаттылықты тексеру» жемқорлықты қалай тежейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасынан берілетін «Ұлт мүддесі» бағдарламасында «Парасаттылықты тексеру» ұғымының мәні түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган ретінде Агенттіктің белгілі бір мәртебесі мен өкілеттіктері бар. Бұл туралы да ұмытпаған жөн. Біліктілік сыныптары бар, ант қабылдаған тұлғалар тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде де, қарапайым шенеуніктерге қарағанда неғұрлым салмақты баптар бойынша тергеледі. Яғни, қарапайым мемлекеттік қызметшіге қарағанда олар үшін жауапкершілік пен жазалау шаралары қатаңдатылды. Соның аясында біз «Парасаттылықты тексеру» деген ұғымды енгізіп жатырмыз», - деді Марат Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы ол тексеруді кім жүргізетінін де айтты.

«Біз ведомствоның бірінші басшысына қызметкердің парасаттылығын тексеру құқығын береміз. Бірақ оған салмақты оның күікті әрекеттері туралы сигналдар түсті ме, табысына сай тіршілік ете ме, күмәнді адамдармен араласа ма, көлеңкелі алымдар жинай ма деген сияқты сұрақтарға жауап берілуі керек. Парасаттылықты тексеру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын, жетілген жүйе. Басшылар өз қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлықтың алдында қаншалықты төзімді екенін тексереді: жемқорлық ұсыныстан бас тартты ма, мұндай ұсыныстар туралы басшылығына хабарлады ма, дегендей деректер нақтыланады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар