«Парасатты полицей» байқауында Солтүстік Қазақстан командасы үздік атанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанда өткен республикалық «Парасатты полицей» байқауының бас жүлдесін Солтүстік Қазақстан облысы қанжығалады. Ал  І орынды Шымкент қаласының тәртіп сақшылары жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІ орын Маңғыстау және Қостанай облыстарынан келген қос командаға бұйырды. Жүлделі ІІІ орынға Қызылорда және Ақмола облыстары мен Көліктегі Ішкі істер департаментінің командалары ие болды. Республикалық іс-шараның жабылу салтанатында сөз алған ҚР Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов барлық қатысушыларды құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

null Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жетісу жеріне еліміздің барлық өңірінен ішкі істер органдары қызметкерлері жиналып, «Парасатты полицей» командасын анықтайтын байқауда өнер көрсетіп жатқаны туралы хабарлағанбыз.

«Парасатты полицей» байқауы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тілге деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 9-шы жыл қатарынан жалауын түрген республикалық сайыс қазанның 3-5 күндері Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өтті. Үздіктерді анықтау үшін 21 команда өзара бақ сынаған болатын.

Соңғы жаңалықтар