Параны мал түрінде алған әкім мен оның екі орынбасары сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі мен оның екі орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі М. Мұстафинға, сондай-ақ оның орынбасарлары Қ. Жақыпов пен Э. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған адамдар жеке компаниялардың директорларынан жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту және оларға тиесілі емес телімде дәнді дақылдардың егілуіне көз жұма қарағаны үшін 3 млн теңге сомасында - жалпы құны 1,5 млн теңгені құрайтын 2 жылқы және 3 мүйізді ірі қара мал түрінде пара алған», - делінген хабарламада.

19 маусымда Зеренді аудандық сотының үкімімен М.Мұстафин 3 жыл, Мұқашев 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Ал Жақыпов 4 млн теңге көлеміндегі айыппұл төлейтін болды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар