+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Параны «айфон» күйінде алған аудан әкіміне сот үкімі шықты

2020 жылғы 20 ақпан 12:51
Бөлісіңіз:
Параны «айфон» күйінде алған аудан әкіміне сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловке пара алғаны үшін 15 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да топ болып бюджет қаражатын ұрлаған шенеуніктер тергеліп жатыр Атырауда емхана басшысы қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған Мембағдарлама аясында баспана алмақ болған азамат 7 жылға сотталып кетті

«Аудан әкімі 2019 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Байқоңыр» ауданының аумағын абаттандыру бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға көмектескені, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін жеке компания өкілінен «IPHONE»-ның соңғы үлгісі түрінде пара алды деген күдікке ілінген», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Аудан әкімімен бірге қылмыстық жауапкершілікке «Dory build» ЖШС өкілі С.Нұртазин де тартылған. Тергеу барысында күдіктілер кінәсін мойындаған.

«Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Есілов 15 млн 450 мың теңге және Нұртазинге 7 млн 725 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», - деді аға тергеуші.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT