Параны алған немесе бергеннен бөлек, оған жайлы жағдай жасаған адам да жазаланады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлыққа қарсы күрес – күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе. Қазіргі таңда қоғамда осынау әлеуметтік кеселге қарсы күресте нәтижелілікке жету бойынша нақты талаптар қалыптасқан. Сол себепті, Президент қол қойған өзгерістер – барлығы үшін белгі. Жауапкершілік әркімнің мойнында болады. Параны алған немесе берген адам ғана емес, бұл қылмысқа жайлы жағдай жасаған адам да жазаланады. Бұл шешім – қазақстандықтардың барлығының қолдауына ие», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар