Парамен ұсталған «Семей орманы» резерватының лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Семей орманы» резерватының лауазымды тұлғалары парамен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы» табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы« мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Шығын мөлшері анықталып жатыр«, - делінген агенттіктің хабарламасында.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Түпкілікті үкімді сот шығарады, деп толықтырды ведомстводағылар.


Соңғы жаңалықтар