«Паралимпиадашы» фильмінің кассасы 44 млн теңгеге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан бір ай бұрын көрерменге жол жартқан «Паралимпидашы» фильмінің кассасы 44 млн теңгеге жетті. Парашаңғышы Александр Колядиннің жеңіс жолын суреттейтін фильмді режиссер Алдияр Байрақымов түсірген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржылдандыруымен биыл «Паралипиадашы» фильмінен бөлек «Алға», «1941 жылдың жазы», «Ақын», «Сызба», «Патриоттар уақыты» сынды туындылар да көрермен назарына ұсынылған болатын.

«Олардың қорытындысын шығаруға әлі ерте. Кейбір прокат әлі аяқталған жоқ, стримингтік платформаларда көрсетіліп жатқандары да бар. Кең прокатқа шыққандардың ішінде түскен қаражаты бойынша «Паралимпиадашы» фильмі көш бастап келеді. 18 мамырдағы дерекке сәйкес, оның көрсетілімінен түскен қаражат 44 млн теңгеге жетті», делінген аталған орталықтың ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, «Паралимпиадашы» фильмі отандасымыз парашаңғышы Александр Колядиннің шынайы өміріне, спорт жолына арналған. Бала кезінен олимпиада чемпионы атануды армандаған спортшы бірде көлік апатына түсіп, екі аяғынан айырылады. Осыдан кейін ұзақ уақыт күйзеліске түскен спортшыға өз күшін Паралимпиада ойындарында сынап көру ұсынылады. Үлкен спортқа оралғаннан кейін ол 2018 жылы Пхёнчханда өткен қысқы Паралимпиада ойындарына қатысып, 1,5 шақырымдық спринтте алтын медаль алды.


Соңғы жаңалықтар