Паралимпиадашы Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер беріледі
2022 жылғы 17 наурыз 14:55

Паралимпиадашы Александр Герлицке бір бөлмелі пәтер беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлицке Солтүстік Қазақстан облысынан бір бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«2016 жылғы Рио паралимиадасынан бастап паралимпиада және сурдолимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің қаржылай сыйақылары өсіп, олимпиадалық спортшылармен теңесті. Сонымен қатар, алдағы таңда спорттық нәтижелерді ескере отырып ұлттық құрама жаттықтырушылары мен спортшыларының жалақыларын көтеру мәселесі қарастырылады», - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, ол Бейжіңдегі паралимпиада ойындарында 10 шақырымдық жарыста қола жүлде алған биатлоншы Александр Герлицке пәтер берілетінін айтты.

«Бейжіңдегі паралимпиада ойындарының нәтижелері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларға Үкімет тарапынан жалпы сомасы 131 млн теңге және «Дене шынықтыру мен спорт» туралы заң бойынша Александр Герлицке Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тарапынан бір бөлмелі пәтер беріледі», - деді Самат Ерғалиев.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT