Паралимпиадаға қатысып жатқан 8 атыраулықтың алғашқысы бақ сынайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысынан Паралимпиадаға 8 спортшы қатысып жатыр. Бүгін алғашқысы Әнуар Сариев бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысынан Паралимпиадаға 8 спортшы аттанып кеткен.

«Қазір Токиода жалауы желбіреген Паралимпиада додасына парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлов, Зарина Байбатина, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов, паратаеквондошы Нұрлан Домбаев пен паражүзуші Ержан Сәлімгереев қатысып жатыр. Бүгін, 27 тамызда парадзюдошы Әнуар Сариев бақ сынайды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысынан 7 спортшы Паралимпиадаға қатысатынын, кейіннен тағы бір парадзюдошысы жолдамаға ие болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар