Паралимпиадада коронавирус жұқтырғандар саны 300 адамға жетті

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Токиодағы Паралимпиада ойындарында тағы 10 адамның COVID-19-ға тапсырған тестілері оң нәтиже берді. Бұл туралы сенбі күні ойынды ұйымдастырушы орган мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Токиода Паралимпиадада үш апта ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 300 адамға жетті.

Олардың 297-сі негізінен мердігерлер. Төртінші күн қатарынан бірде-бір спортшының тестісі оң нәтиже бермеді, індет жұқтырған 10 адамның тоғызы мердігер болды. Барлық ауруға шалдыққан науқастар карантинге алынды.

Комитет 12 тамыздан бастап Паралимпиадаға байланысты COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы күнделікті хабарламаларды жариялай бастады.

Олимпиададан кейін шамамен бір айдан кейін басталған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 13 күндік жаһандық спорт шарасы жексенбі күні аяқталады.


Соңғы жаңалықтар