Паралимпиада: Қазақстандықтар шаңғымен отырып жарысуда іріктеуден өте алмады

None
None
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғымен отырып жарысудан ерлер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларға байқаудың ақтық бөліміне өту үшін үздік 12 қатысушының қатарынан көріну қажет болды.

Қазақстаннан стартқа төрт спортшы шықты, бірақ олардың ешбірі келесі кезеңге өте алмады. Ербол Хамитов 15-ші, Юрий Березин 30-шы, Денис Петренко 32-ші, Сергей Усольцев 34-ші орынға табан тіреді. Бұл спорт түрі бойынша жартылай финал мен финал Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды: Александр Герлиц парабиатлонда қола жүлдегер атанды.


Соңғы жаңалықтар