Паралимпиада: Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Н.Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты.

Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель (1:02.97) чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс (1:04.38) күміс жүлдеге ие болды.

Нұрали сегізінші болып келді (1:10.99).

Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.

Бұдан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина парадзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандықтың финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар