Паралимпиада: Қазақстандық суда жүзуші финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада қазақстандық Ержан Сәлімгереев финалға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ержан Сәлімгереев 50 метрлік баттерфляй жарысында 33.14 нәтиже көрсетіп, тобында үшінші, ал жалпы есепте жетінші болып мәреге жетті. Енді ол финалда бақ сынайды. Ақтық сын жарысы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:51-көрсетіледі.

Еске салсақ, қазірге дейін Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Олардың қатарынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанса, парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс жүлдегер болды. Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.




Соңғы жаңалықтар