Паралимпиада: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияда 24 тамыздан басталатын Паралимпиадаға аттанған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚРҰлттық Паралимпиада комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Паралимпиада жарыстарының толық кестесін мына жерден көруге болады.

Еске салсақ, 20 тамызда ҚР Ұлттық Паралимпиада құрама командасы Токио қаласына аттанды.

XVI жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Бұл сынға Қазақстанның атынан 25 паралимпиадашы қатысып, спорттың 7 түрі бойынша ел намысын қорғайды.

Атап айтқанда Қазақстан тарапынан: Сиязбек Далиев, Нұрәли Советқанов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Алия Рахымбекова, Нұрдаулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (пара каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмиля Досмалова (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина (пара пауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (пара нысана ату) қатысады.

Сонымен қатар, елімізде «Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрама командасының мүшелерімен кездесіп, спортшыларымыздың өнерін бүкіл халқымыз тамашалап, жанкүйер болатынын айтты.



Соңғы жаңалықтар