Паралимпиада: Қазақстандық Нышан Өмәрәлі қолаға таласады
2021 жылғы 4 қыркүйек 15:56

Паралимпиада: Қазақстандық Нышан Өмәрәлі қолаға таласады

ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстандық пара таэквондошы Нышан Өмәрәлі қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 75 келі салмақта сынға түсуде. Ол алғашқы жекпе-жегінде Коста-Рикадан келген Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңіліп қалған еді. Дегенмен аталған қарсыласы финалға шығуына байланысты Нышан Өмәрәлі жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалына қатысуына мүмкіндік алды. Онда марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізді.

Айта кетейік, 2020 жылғы Паралимпиада ойындары ертең, 5 қыркүйекте мәресіне жетеді. Бұл күні қазақстандық спортшылар қатарынан ешкім жарысқа қатыспайды. Айтулы сында қазақстандық 25 спортшы ел намысын қорғады.

Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар. Ел құрамасынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.


Jańalyqtar

MURAǴAT