Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы 70 кг астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды.

Бұл бәсекеде әзербайжандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды.

Осылайша парадзюдодан Қазақстан құрамасы үш күміс жүлдені жеңіп алды. Осыған дейін Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет өз салмақтарында екінші орынға көтерілген болатын. Бұл – үлкен жетістік.

Сондай-ақ пауэрлифтингтен Давид Дегтярев паралимпиада чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Байбатинаның финалға шыққанын жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат. Батыс Қазақстан.




Соңғы жаңалықтар