Паралимпиада: Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық дзюдошы 70 кг астам салмақта соңғы сында әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен татамиге шығып, алтын жүлде үшін таласады.

Зарина жартылай финалда италиялық Каролина Костамен белдесті. Бұл кездесуде ол қарсыласын иппон әдісімен таза жеңді.

Сөйтіп ол Қазақстан қоржынына тағы бір медальді салды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариевтің күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Теміржан Дәулет күміс медаль алды.

Одан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені жеңіп алған болатын.

Осылайша Қазақстан паралимпиада тарихында қазірдің өзінде үздік көрсеткішіне қол жеткізіп отыр.





Соңғы жаңалықтар