Паралимпиада: Қазақстан құрамасының туын алып шыққан Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Нұрлан аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе -жектеріне қатысады.

Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.

Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар