Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көліктің кілті тапсырылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревка жаңа пәтер мен көліктің кілтін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде өңірде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын, бұқаралық спортты дамыту үшін бірқатар шаруалар тындырылып жатқанын атап өтті.

«Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз», – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Е.Маржықпаев чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал, оның жаттықтырушы Юрий Колесников 5 миллион теңге алды.

«Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын», - деп қунышымен бөлісті Давид Дегтяров.

Айта кетейік, Токио өтіп жатқан паралимпидада ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревка Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салған болатын.


Соңғы жаңалықтар