Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қостанайға оралған паралимпиадашы Колядинге жастар сұрақ жаудырды

2018 жылғы 27 наурыз 14:57 209
Бөлісіңіз:
Қостанайға оралған паралимпиадашы Колядинге жастар сұрақ жаудырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Пхенчханда өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Колядин Қостанай облысына оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада тегін паракаратэ секциясы ашылды Ақмолалық биатлоншылар «Азия балалары» қысқы ойынында екі медаль иеленді

Бүгін тұңғыш Паралимпиада чемпионын қарсы алу үшін әуежайға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, қала әкімі Базыл Жақыпов және Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар Күзенбаев барды. Пхенчхандағы бәсекеде «алтын» тұғырдан көрінген чемпионға лайықты құрмет көрсетілді. Спортшының құрметіне облыстық музыка оркестрі өнер көрсетті.

«Мен бүгін ауылдастарымды көргеніме қуаныштымын, өзім оқитын колледж ұжымына көп рахмет. Олар мені үнемі қолдап отырды. Шынымды айтсам, Паралимпиадаға жолдама алған сәттен бастап мақсат қойдым. Әрине, «алтын» аламын деп ойлаған жоқпын. «Қола» жүлдеден үміт көп еді», - дейді Паралимпиада чемпионы.

Әуежайға жиналған жанкүйерлер Колядинге сұрақтарын жаудырды. Әсіресе, жас жеткіншектер жарыстағы әрбір сәтті жеке-жеке сұрап жатты. Сан сұраққа чемпион әдетінше асықпай, қарапайым қалпынан танбай жауап берді.

«Жарыс алдында ешқандай қобалжу болмады, мен бұған дейін Паралимпида ойындарына қатысқан болатынмын. Ал жеңіске жеткенде толқығаным рас. Өйткені, бұл Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы «алтыны» еді. Еліңнің туы бәрінен биік тұрса, мақтаныш сезімі кернейді. Осы жеңісімді елеп, құрмет көрсетіп жатқан жерлестерге мың алғыс. Біз әлі де биік шыңдарды бағындырамыз», - деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, бүгін «Мирас» мәдениет үйінде Қостанай облысы атынан спортшыға жаңа пәтердің кілті берілмек. Шараға өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT