Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Паралимпиада «алтыны» үшін Александр Колядин 250 мың доллар алады

2018 жылғы 14 наурыз 14:58 1460
Бөлісіңіз:
Паралимпиада «алтыны» үшін Александр Колядин 250 мың доллар алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысынан барып, Паралимпиаданың алтын медалін жеңіп алған 45 жастағы шаңғышыға мемлекеттен 250 000 доллар мөлшерінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крючков Пхенчхандағы 2018 жылғы Паралимпиада ойындарында медаль алған қазақстандықтарға қанша сыйақы берілетінін айтқан болатын.

«Бұл мәселе шешілген. Олимпиадалық команда секілді паралимпиадашылар да алтын медаль үшін 250 мың доллар алады. «Күміс» 150 мың долларға бағаланды, ал үшінші орынмен келген спортшыға 75 мың доллар беріледі. Бұдан тыс, 4, 5 және 6-орындар үшін де тиісінше 30, 10 және 5 мың доллар мөлшерінде сыйақылар беру көзделген. Бұл мәселеде Қазақстан әлемде бірінші орында тұр. Әрине, бұл да спортшыны ынталандыруға қызмет етеді, дегенмен, негізгісі ол емес деп үміттенемін. Отанға деген сүйіспеншілік бәрінен де қымбат», - дейді Крючков.
Айта кетерлігі, спортшылардан бөлек, бапкерлерге де ақшалай сыйлықтар беріледі.

Еске сала кетейік, Александр Колядин классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысын финалында 4 минут 19,7 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медальды жеңіп алған болатын.

Александр Колядин 1973 жылғы 20 ақпанда Қостанай облысында туған. 1997 жылы 3-топ мүгедегі болып қалған соң, оң аяғына протез салынды. Тағдырдың тауқыметіне мойымаған жігерлі азамат 2013 жылы Николай Степиннің жетекшілігімен шаңғы жарысымен барынша шұғылдана бастайды. 2014 жылдан бері Василий Коломиецтің қоластында жаттығып келеді. Автокран басқарушысы мамандығына ие, шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Бұған дейін 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы сапында шаңғышы Любовь Воробьева күміс медаль алған еді.

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Олимпиада, Спорт,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат