Паралимпиада-2022: Қазақстандықтар шаңғы эстафетасында өнер көрсетеді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының соңғы күнінде парахоккейден, шаңғы жарысынан (эстафета) және тау шаңғысы спортынан (слалом) финалдық кезеңдер өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ойындардың соңғы күні ашық және аралас эстафетамен аяқталады. Жарыстар Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу тау шаңғы курортында өтеді. Қазақстандық спортшылар 4×2,5 аралас эстафетасында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Бейжіңде АҚШ пен Канада құрамалары парахоккейде чемпиондық титул үшін таласады.

Ал паратаушаңғысынан жарыстар слаломнан әйелдер арасындағы бәсекемен аяқталады. Жарыстар ел астанасының Яньцин ауданында өтеді.

Бүгін, жексенбі күні «Құс ұясы» ұлттық спорт стадионында XIII Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты болады.

Сегізігнші жарыс күнінің қорытындысы бойынша: бірінші орында 59 медальмен Қытай тұр (18 алтын, 18 күміс және 23 қола медаль). Екінші орында Украина құрамасы орналасқан (10-10-8), үшінші орында – Канада (8-5-10). Қазақстан құрамасы 1 қола медальмен Автралия және Швейцариямен бірге 17-19 орындарды бөлісіп отыр.


Соңғы жаңалықтар