14:54, 13 Наурыз 2022 | GMT +6
Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтар үшін келесі төлемдер белгіленген: алтын медаль үшін – 250 мың доллар, «күміс» үшін – 150 мың доллар, «қола» үшін – 75 мың доллар, төртінші орын – 30 мың доллар, бесінші орын – 10 мың доллар, алтыншы болғаны үшін – 5 мың доллар.
Биатлоншы Александр Герлиц үздік көрсеткішке қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Сонымен қатар жеке жарыстарда ол үш рет бесінші (екі рет – шаңғы жарысында, бір рет – биатлонда) болды. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында (Александр Герлиц, Ербол Хамитов) бесінші орын алды.
Осылайша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 125 мың доллар табыс тапты.