Паралимпиада-2020: Қазақстан екінші медаль алды
2021 жылғы 27 тамыз 10:41

Паралимпиада-2020: Қазақстан екінші медаль алды

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиодағы Паралимпиадада бақ сынап жатқан парадзюдошы Әнуар Сариев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ел намысын қорғап жатқан отандасымыз 60 келі салмақта сынға түсіп жатыр.

«Парадзюдошы Әнуар Сариев Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды. Ол алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы Сүхэбаатар Ядамдоржды ұтқан болатын. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Енді Әнуар Сариев финалдағы қарсыласы әзербайжандық Вугар Ширинлимен сынға түседі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Паралимпиадаға қатысып жатқан 8 атыраулықтың алғашқысы бақ сынайтынын хабарлаған болатынбыз.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT